Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Screenshot_5.jpg

Еңбек етуге құлшынып тұрған әрбір азаматқа жұмыс тауып беру – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Жұмыспен қамтылған азаматтар көп болса, ел экономикасы дамитыны айдан анық. Олар ел ішіндег тіршілік белгісін көрсетіп, әрекетсіздікті жояды. Қазынаға кіріс түседі. Жәрдемақы сұрап, мемлекетке алақан жаюды қояды.

Осыған орай, бүгін Түркістан облысы, Келес ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламары бөлімінің ұйымдастыруымен «Еңбек» нәтижелі халықты жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында пробация есебінде тұрған және жалпы жұмыссыз азаматтар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі болып өтті.

Жәрмеңкеге Келес ауданының әкімі А.Есбаев, Келес ауданының прокуроры Б.Сейфолла, Келес ауданы әкімінің орынбасары А.Сексенбаев, Келес ауданы прокурорының орынбасары М.Ахмедов, Келес аудандық пробация қызметі бөлімі бастығы, әділет капитаны Н.Аширбаев, Келес ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Г.Құралбаева сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған және жұмыссыз азаматтар қатысты.

Аталған жәрмеңкеде сөз алған аудан басшысы Ақментай Есбаев: 

«Бүгінгі жәрмеңкеге ауданның 17 жұмыс берушілері 21 тұрақты бос жұмыс орнын ұсынды, сонымен қатар солтүстік өңірлерден 100-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Осы ұсынылған бос жұмыс орындарынан өздеріңізге лайықты жұмысты қарап, жұмысқа орналасып кетулеріңізге тілектестігімді білдіремін» - деп сөзін түйіндеді. 

Жәрмеңкеге 60 жұмыссыз азамат қатысты, оның ішінде 30-ы пробация қызметінде тұрған азаматтар болды. Олар бұл жәрмеңкеден өздеріне керекті жұмысты тауып, болашақтарын нақтылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер