Оқушыларға теріс діни ағымдағылардан қалай сақтану керектігі түсіндірілді

Screenshot_4.jpg

Түркістан облысында халқының саны ең көп, түрлі ұлт өкілдерінің саны ең көп аудандардың бірі – Сайрамда діни ахуалды жақсарту, оны түсіндіру жұмыстары жиі өткізілуде. Бұл өте маңызды. Себебі, бүгінде мектеп оқушылары сапалы, шынайы ақпаратқа сусап отыр. Мұндай ақпаратты – теолог мамандар оқушылармен тығыз қарым-қатынас орната отырып береді. Ақпаратты интернеттен іздемеу керек. Себебі, оқушылар ақпараттың рас-өтірігін ажырата алмайды. 

Осыған орай, Сайрам ауданы, Құтарыс ауыл округіне қарасты Ы.Алтынсарин атындағы ЖОМ оқушыларына "Ғаламтор жастар жадына жау " тақырыбында кездесу болып өтті.

Кездесуді Облыстық Дін істері басқармасының Сайрам ауданы бойынша "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"КММ- нің теолог маманы Ж.Битанов жүргізді. Сонымен қатар, Ақарыс ауылына қарасты 31-ші Бәйдібек ЖОМ оқушыларына аталған тақырыпта кездесу өтті. Мұндай кездесу Оймауыт ауылына қарасты Төлеби атындағы мектеп оқушыларына да өтті. Мұнда теолог маман И.Батыр болды. Осы кездесуде оқушылар «Егер интернеттен бейтаныс адам оқушыларды өздеріне жұмыс істеуге шақырса не болады?» деп сұрақ қойды. Себебі, қазіргі таңда жұмыс берушілер жұмысқа мектеп оқушыларын да шақыра бастады. Теолог мамандар бұл сұраққа тұщымды жауап берді. Егер оқушыға жұмыс ұсынылса, оқушы ең бірінші бұл жөнінде өз ата-анасына айту керек. Одан кейін мектеп әкімшілігіне, мектепгеі учаскелік инспекторға айту керек. Олар бұл не қылған жұмыс екенін зерттеп, оқушыға нақты ақпарат береді. Ең бастысы, оқушы өз бетімен шешім қабылдамауы керек. Бұл оның өміріне балта шабуы мүмкін. 

Қысқаша айтқанда, аудан мектептерінде жаппай түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Теолог мамандар ауыл-ауылдарды аралап, орасан зор еңбек етуде.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер