Облыста кеден бекеттері жоспарға сай жұмыс істеуде

Screenshot_11.jpg

Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасының шекара аумағының көлемі 958,76 шақырымды құрайды. Бұл өңір көрші мемлекеттің  Ташкент, Сырдария және Жизақ облыстарымен шектеседі. Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша,  Өзбекстан Республикасымен шектесетін 6 кеден бекеті бар. Соның ішінде автокөлік құралдары бойынша «Қазығұрт», «Жібек Жолы», «Қапланбек», «Б.Қонысбаев», «Атамекен» бекеттері жұмыс істесе, темір жол вагондары бойынша  2 бақылау  пункті орнатылған. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгінде «Б.Қонысбаев» кеден бекеті тәуліктік режимде жұмыс атқарып жатыр. Бұл бекеттің жүк автокөлік құралдарының  өткізу қабілеті — 100 дана. Жүк көліктерін өткізу  екі жолақ арқылы жүзеге асырылады: «кіру» және «шығу».

Қазіргі таңда «Б.Қонысбаев» кеден бекетінде тауар айналымы  күрт  өсті. Өткен жылы 13678 транзиттік декларация жасалса, биыл 20593 декларацияға жеткен.  Былтыр 22 823 жүк көлік құралы, ал, биыл 28757 жүк көлігі өткен. Жеңіл автокөліктер саны да көбейген.  

Екі жақтың кездесуінен кейін ҚР ҚМ МКК нұсқауына сәйкес «Б. Қонысбаев» кеден бекеті арқылы 130 жүк автокөлігін өткізу тапсырылды.

2018 жылдың 11 қазаны түнгі сағат 01:00 де «Б.Қонысбаев» кеден бекетіне кіреберіс жерде  Қазақстан Республикасы жағынан  шамаммен 200-ге жуық көлік құралы кептелісте тұрған. Бір тәулік ішінде кеден бекеті арқылы Өзбекстан Республикасына 152 жүк, 17 жеңіл автокөлік, яғни 169 көлік өткізілді. Кеден бекетінен өтетін әрбір автокөлікті тексеруге 7-9 минут кетеді.

Қазіргі таңда кеден бекетінде кезекшілікке түсу кестесі күшейтілген тәртіпке және екі тәуліктік режимге ауыстырылды. Аталған мәселе департаменттің қатаң бақылауына алынған. Сонымен қатар, тасымалдаушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер