Облыс әкімі бес жұлдызды қонақ үйдің алғашқы кірпішін қалады

Screenshot_8.jpg

Әрбір облыс орталығында – 5 жұлдызды қонақ үй болғаны абзал. Себебі, республикадан, шетелден келген қонақтарды ұялып-қызармайтындай жайға орналастыру керек. Осыған орай, жаңадан құрылып жатқан Түркістан облысында 5 жұлдызды қонақ үй салу басталып кетті.  «Риксос Хадиша Түркістан» деп аталатын бұл қонақ үй кешенін Түркістан облысындағы танымал кәсіпкер Серікжан Сейтжанов салмақ. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қонақ үйдің алғашқы кірпішін қалау салтанатында: 

- Біздің облыс тарихи-мәдени мұралар мен ескерткіштерге бай өңір. Мұндай жерлерге туристер көптеп ағылатыны мәлім. Сондықтан да біз туристік инфрақұрылымды барынша жақсарта түсуіміз керек. Яғни, шетелдік қонақтарды жоғары деңгейде күтіп алу үшін өңірдегі әуежай және темір жол желілерінде сапалы қызметтер көрсетілуі тиіс. Бұл тұрғыда қонақ үйлердің де деңгейі жоғары болуы үлкен мәнге ие. Демек, қаламыз қонақтардың жүріп-тұруына ыңғайла болса, келетін туристердің саны да арта түседі, - деді.

120 орынға шақталған қонақ үй 3 гектар аумақта бой көтереді. 6 қабаттан тұратын ғимаратта 3 бірдей мейрамхана, кинотеатр және іскер топ өкілдері үшін бизнес орталықтар жоспарланған. Жобаның жалпы құны 10 млрд. теңгені құрайды. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2019 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде.

Жалпы, «Риксос» франшизасы бойынша салынған қонақүйлер Астана, Алматы, Бурабай, Шымкент қалаларында орналасқан. Енді мұндай 5-ші қонақ үй Түркістанда салынбақ. Бұл да болса өз кезегінде Түркістан облысының абыройын асқақтатары белгілі. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер