Сарыағаш жаңғағымен мақтанатын күн алыс емес

Screenshot_3.jpg

Африка, Оңтүстік Еуропа елдері өздерінің цитрустық жемістерімен ерекшеленсе, Ресей қайың шырынымен, балымен мақтанады. Ал, Қазақстан жаңғақтарымен көзге түседі. Әрине, аты грек жаңғағы демесеңіз, елімізде соңғы жылдары жаңғақ көптеп өсіруге ден қойып жатыр. Себебі, жаңғақ деген мың бір түрлі дертке ем. Жалпы, жаңғақ өсіру деген оңай емес. Мұның да өз қыр-сырлары бар. Осыған орай, жақында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында облыс көлеміндегі бағбаншылардың семинары өтті. Семинарда бағбаншылар бір-бірлерімен пікір алмасты. 

Аталған аудандағы «Сарыағаш жер сый» ЖШС-де «Грек жаңғағы плантациялардағы жүргізілетін күздік жұмыстар» тақырыбындағы ғылми практикалық семинар өтті. Семинарды мақсаты - жаңғақ өнімдерін жаңа түрлерін облысымызда өсіргу жағдай жасау, баптау әдістерін халыққа түсіндіру болды. Қазақстанда жаңғақ өнімі жеткіліксіз, яғни, бізге жылына 65 мың тонна жаңғақ өнімі қажет. Ол үшін 500 мың гектар жаңғақ егілу қажет. Сарыағаш ауданы осы жоспардың орындалуына өз үлестерін қосуға мықтап кірісіп кетті. Қазіргі таңда елімізде жаңғақтың 180 түрі өсіріледі. Ал «Сарыағаш жер сый» ЖШС грек жаңғағының 11 түрі өсіріліп, өнімін алуда. Грек жаңғағын көшетін алам деуші халық үшін 1000 тг-ден сатып жатыр. Көшет дақылы 4 жылда дайын өнім болады.

Семинардың қонағы Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, профессор а.ш.ғ.д. С.Олейченко грек жаңғақ өсімдіктерін қысқы кезеңге дайындау туралы тәжібиесімен бөлісті. Семинарға қатысушы бағбандар өздерінің мазалап жүрген сұрақтарына нақты жауап алды. 

«Сарыағаш жер сый» ЖШС бау-бақшасының көлемі қазіргі таңда 96 га, тамшылатып суғару бойынша 75 га құрап отыр. Онда 700 000 түп жүзім, 300 000 түп жеміс-жидек ағашы өсіріліп,жылдық табысы 80-100 млн. теңге болып отырған жайы бар. Сонымен қатар, 48 адам тұрақты жұмыс жасайды және 6 ғылыми инситут жұмыс жүргізеді. Соңғы үлгідегі технология арқасында 5 түрлі жемісті қақ түрінде өнім етіп шығаруда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер