Төлеби ауданында барлық салада ілгерілеу бар

Screenshot_1.jpg

Соңғы жылдарды Түркістан облысында аудандар зор қарқынмен дамуда. Мысалы, тауымен, жасыл-желегімен, бай табиғатымен республикаға танымал Төлеби ауданының әлеуметтік-экономикалық даму индикаторы биыл 9 айда 74 млрд 718,1 мың теңгені құрады. Жан басына шаққанда 640,6 мың теңге болып отыр, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9 млрд 185,8 мың теңгеге артты. Сонымен қатар, өнеркәсіп саласында 2018 жылы 9 айында 24 млрд 503 млн теңгенің өнімі өндіріліп былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4 млрд 777 млн теңгеге артты. Бұл жөнінде бүгін аудан әкімдігінің ғимаратында кезекті аппараттық мәжілісінде кеңінен айтылды. 

Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы, аудан әкімі аппаратының бөлім басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары қатысты. 

Сондай ақ, ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 9 ай ішінде 25 млрд 419,3 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі 103,0 пайызды құрады деп экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов баяндады. 

Жалпы, бүгінде Төлебиде аудан тұрғындарына өмір сүруге қолайлы жайлы жағдай жасалып жатыр. Қала, ауылдық округтеріндегі елді мекендерге су есептегіш құралдарын орнату барысы туралы «Ленгер су» мекемесінің директоры А.Алтаев баяндама жасады. Аудан аумағындағы 55 елді мекеннің 52 елді мекені немесе 94,5% орталықтандырылған құбыр суымен қамтамасыз етілген. Жиын қорытындысы бойынша, Бауыржан Омарбеков аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлімдері басшыларынан хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша сұрақтар қойып, бірқатар тапсырмалар берді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер