Отбасындағы келеңсіз жайларды болдырмау - басты назарда

Screenshot_4.jpg

Дау-дамай – көптеген мәселелер тудырады. Дау болған жерде береке кетіп, құлдырау процесі басталады. Жалпы, ұрыс-керіс, дан-жанжал, түсінбестік – барлығы мемлекетті шығынға батыратын адами факторлар. Мұндай жайттар отбасыларды көп орын алады. Түймедейді түйедей еткен отбасы мүшелері бір-бірімен ажырасуға дейін барады. Ал, ажырасу болған жерде – балалар жетім қалып, дүние-мүлік екіге бөлінеді. Мұның бәрі отбасы бюджеті үшін, әсіресе жас баланың психологиясы үшін ауыр соққы. Жасында психологиялық соққы алған бала өмірге қапа болып, өзіне қол жұмсап жатады. Сондықтан да, мұндай келеңсіздікке жол бермей, оның алдын-алған абзал. Мәселе ушықпай, мәдениетті түрде өз шешімін тапқанда ғана, бақ-береке орнайды. 

Осыған орай, Түркістан облысы Сарыағаш ауданында отбасылық келеңсіз жағдайларды алдын алу бойынша жаңа орталық ашылды. 

ҚР Жоғарғы Сотымен жүзеге асырылып жатқан «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасының бірі – «Татуласу орталығы» жобасы. Жобаның мақсаты – халық арасында дауды соттан тыс шешу, қоғамдағы қайшылықтарды, дауларды азайту институттарын насихаттау және дамыту алаңдарын құру. Осы мақсатта аудандық сот төрағасы Т.Машрапов пен Сарыағаш аудан әкімі Қ.Абдуалиев бірлесіп «Татуласу орталығын» ашты. Аудан әкімі өңірдегі дауларды азайту бағытында жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта орталықтың жұмысына сәттілік тіледі. 

Орталықта азаматтар келіссөздер, талап қою рәсімі, медиация, оның ішінде сот медиациясы, татуласу келісімдері, партисипативтік рәсім сияқты алуан түрлі дауды реттеудің балама рәсімдерін жүргізу тәртібі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Өтініш берушілер келіскен жағдайда медиаторлардың көмегі сол орталықта көрсетіледі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер