Арыста қоғамдық кеңестің кезекті жиыны өтті

Screenshot_12.jpg

Кез-келген мәселені шешерде, ел болып бірігіп, жеті рет ақылдасқан абзал. Әсіресе, мәселені шешерде оны тек билік өзі емес, халық өкілдерімен бірге кеңескені жөн. Сонда мәселе оң шешімін табады. 

Осыған орай, жақында Түркістан облысы. Арыс қалалық кәсіпкерлік мектебінің мәжіліс залында Арыс қалалық қоғамдық кеңестің кезекті жиыны өтті. Бұл жөнінде Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қоғамдық ой-пікір, ұсыныс және көпшілік сұрақтарына жауап беруге арналған жиынды қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Достанов ашып, жүргізіп отырды.

Кеңес отырысында «Қаладағы күзгі жиын-терім бойынша және «Алтын күз» мерекесі туралы есебі» Ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің бас маманы О.Жұманов, «Қалалық білім бөлімінің мектептері мен балабақшалары қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстарының барысы туралы» Арыс қаласының білім бөлімінің әдіскері Б.Тасқынбаев, «Аудандық денсаулық сақтау мекемесінің қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстарының барысы туралы» Арыс аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Е.Әлімбаев және «Қожатоғай мен Дермене ауылдық округі әкімдерінің 2018 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы» Монтайтас ауылдық округінің әкімі Т.Баекеев пен Қожатоғай ауылдық округінің әкімі З.Елшібаевтардың баяндамалары тыңдалып, талқыланды.

Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, орындалуы бақылауға алынды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер