Жетісайлық фермер ауданды жылқы етімен қамтамасыз етіп отыр

Screenshot_2.jpg

Түркістан облысы Жетісай ауданында жылқы басы 8 778-ге жетті. Ауданда жайылым жердің тарлығына қарамастан шаруалар жылқы басын көбейтудің өзіндік есебін тауып отыр. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мақталы ауыл округі Жайлаукөл елдімекеніндегі «С-Тастаната» шаруа қожалығы бүгінде көптеген белестерді бағындырып отыр. Шаруа қожалығы қорасында 50 бас жылқы бордақылануда. Қожалық төрағасы Совет Мұсаевтың бұл кәсіпке бет бұрғанына 7-8 жылдың жүзі болыпты. Қазіргі таңда «С-Тастаната» шаруа қожалығында 60-қа жуық жылқы бар. Мал басын одан әрі көбейтуге ауылдағы үйіргелік жерлердің кадастрлық нөмерінің жоқтығы қолбайлау болып отыр екен. 

– Жылқы санын жыл санап арттырып, тіпті 100-ден асырып жіберуге болады. Алайда шекара іргесінде орналасқан ауылымызда жайылымдық жер жоқ. Оның үстіне, үйіргелік жеріміздің кадастрлық нөмері әлі күнге берілмей отыр. Егер аудан, ауыл әкімдіктері үйіргелік жерімізді картаға енгізіп, заңдастырып берсе, жылына 100 шақты жылқыны бордақылап, ауданымызды жылқы етімен қамтамасыз етіп отыруға шамамыз жетеді, – дейді Совет Тастанұлы.  

Бұдан бөлек, мұнда құны 45 млн. теңгеге пара-пар 5 көкпар аты бапталуда. «Көкпар атын ұстау - менің хоббиім» дейді Совет Тастанұлы. Мәселен, оңтүстік жұртына «Ракета» лақапатымен танымал тұлпары түркіменнің «Ақалтеке» тұқымымен будандастырылған екен. 6 жасар айғыр бүгінде оңтүстік жеріндегі үлкен көкпарларда салым салып танылып жүр. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер