Өңірде бюрократияны болдырмау мақсатында ауқымды жоба жүзеге асуда

Screenshot_5.jpg

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқоролыққа қарсы Агенттігі мен оның аумақтық департаменттері тарапынан ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде аталған агенттіктің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жобаның мақсаты - бизнесті қорғау, қолайлы инвестициалық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету. Бүгін аталған жоба аясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы Меморандумға Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев және «Kazakhtan CHN-KZ Eneregy Group» серіктестіктің құрылтайшысы - директоры Чу Донг салтанатты түрде қол қойды. 

Іс-шараға Түркістан облысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ж.Махмут және «Kazakh invest» филиалының басшысы Д.Мамыров қатысты. 

Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев өз сөзінде облыстың Жобаға қатысуға қызығушылық танытқан инвесторларға Қазақстан аумағында аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат сыбайлас жемқорлық деректерінен 100% қорғауға кепілдік берілетіндігін жеткізді. 

Бұл серіктестік елімізге жалпы құны 470 млн долларды құрайтын инвестиция құюда. Компания күн және жел электростансасының құрылысын салумен және энергетикалық жабдықтарды өңдеумен айналысады. 

Осылайша, Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін жалпы сомасы 215 млрд. теңгеден асатын 4 инвестормен жемқорлықсыз сүйемелдеу бойынша келісім жасалды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер