Ордабасыда сыбайлас жемқорлықты жою мәселесі талқыланды

Screenshot_3.jpg

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен Ордабасы ауданында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған жиын өтті. Бұл жөнінде аталған мекеменің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жиынға мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым басшылары, білім беру саласының қызметкерлері және арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты. Күн тәртібінде Елбасының жақында жарияланған Жолдау бағыттары, мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы мен кәсібилігін қамтамасыз ету, Әдеп кодексінің талаптары мен сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету мәселелері талқыланды. 

Жиын барысында Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев Мемлекет басшысы өз Жолдауында сыбайлас жемқорлық мәселелеріне ерекше тоқталып пен онымен белсенді күрес жалғасатынын жеткізді.  Бүгінгі кездесуде айтылғандардан қорытынды шығаруды, күн тәртібінде қаралған мәселе сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендету және бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою бағытында нақты шаралар қабылдауды ұсынды. 

Іс-шарада келесі сөз алған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша Сайрам аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы А.Әліш жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, орын алған сыбайлас жемқорлық фактілеріне тоқталып өтті. Жиын соңында қызметтік міндеттерін орындау кезінде өз қызметін жеке бас пайдасына қолданып пара алып ұсталған шенеуніктермен, мектептерге жұмысқа орналасу үшін пара алып ұсталған мектеп директорларына қатысты видео түсірілімдер де көрсетілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер