Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Screenshot_2.jpg

Елбасы Жарлығымен жаңадан құрылып жатқан Түркістан облысының болашағы зор. Әрине, бастапқы кезде оның аяқтан тұрып, бұрыннан келе жатқан өзге облыстардың қатарына қосылып кетуіне біраз уақыт кетеді. Дегенмен, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, еліміздегі барлық облыс-қалалар, түрлі компаниялар қол ұшын созып, Түркістанға шама-шарқынша көмек көрсетуді қолға алды.   

Осыған орай, жақында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың хаттамалық тапсырмасын орындау шеңберінде Түркістан қаласына алғашқы болып Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Қақамбетов пен Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының басшысы Алтынбек Қайсағалиев келді. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қала қонақтары облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қабылдауында болып, «Түркістан облысының тарихи-киелі орындарының орталығы» ғимаратының құрылысы бойынша мәжіліске қатысты.  

– Елбасы тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласында салынатын нысандарды талқылап, зерделеуге ең алғашқы болып Павлодар мен Батыс Қазақстан облысының өкілдері келіп отыр. Ол үшін Сіздерге және Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновке алғысымды білдіремін. Алдымен алаңдағы тарихи ескерткіштердің орналасу тәртібі реттелу керек. Туристерге және қала тұрғындары үшін ыңғайлы болу үшін сауда орындары жұмыс жасап, отбасылық серуендеуге жан-жақты жағдай жасалуы тиіс. Орталықта бой көтеретін кешендердің дәлме-дәл көшірмесінің биіктігі шамамен 3-4 метр болады. Қойылған тапсырманы тиянақты орындау үшін үшжақты келісімге келіп, жол картасын әзірлейміз, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Жиын барысында өңір басшысы құрылыс жұмыстары биыл басталу керектігін атап өтті. Өз кезегінде қала қонақтары жаңа облыс орталығының көркеюіне барынша қолдау көрсетуге дайын екендерін жеткізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер