Түлкібас ауданының тұрғындарына Елбасы Жолдауы түсіндірілді

Screenshot_10.jpg

Елбасы Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты қорғау министрлігі, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Д.Сәдуақасова Түркістан облысына арнайы келіп, Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесті.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев ашып, жүргізіп отырды. Жиын барысында Дәмежан Төлеубайқызы Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын жан-жақты талдап, түсіндіріп өтті. Әсіресе Жолдауда айтылған әлеуметтік мәселелер оның ішінде келер жылдан бастап жалақының өсуі апатты мектептер мәселесі түбегелі шешу, ауылдық жерлерде алғашқы медициналық көмек көрсетуді дамыту, жаңа спорт кешендер салу, ел ертеңі болатын жастарға қолдау көрсету, сыртқы саясат, кәсіпкерлік пен ауылшаруашылық саласын дамыту, жоғары оқу орындарында білім жүйесін реформалау жайында айтып өтті. 

Елбасы Жолдауы толықтай жүзеге асқан жағдайда өңірлерде даму қарқыны үдеп, халықтың әл-ауқаты тез артады. Бұл орайда өңірлер, аудан-қалалар Жолдауға қолдау көрсетуі тиіс.

Сонымен қатар, бүгінде жемісті жүзеге асып жатқан «Бес әлеуметтік бастама», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламары аясында елімізде атқарылып жатқан жұмыстар жайында жеткізді. Жиында Келтемашат ауылдық қоғамдық кеңестің төрағасы Ә.Керімқұлов, Б.Садықов атындағы жалпы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Тұрсынбаев жолдауда айтылған мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев қорытындылап, арнайы іс-сапармен келген Дәмежан Төлеубайқызына аудан тұрғындары атынан ризашылығын жеткізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер