Жастар теолог мамандарға өзекті сұрақтар қойды

Screenshot_2.jpg

Бүгінде діни терроризм мен экстремизм ең басты мәселелер қатарында. Діни экстремизм мәселесі – уақыт күттірмейді.Аталған мәселенің шеті шықса, оны бірден шешіп тастау керек. Әйтпесе, кереғар діни ағымардың салған лаңының зардабы орасан зор болмақ. 

Осыған орай, бүгін Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімі мен "Даму" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты №21 колледжде "Түркістан қаласы тұрғындары арасында кері ағымдардан сақтауға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары" тақырыбында кездесу өтті. Осындай кездесулер өткізу арқылы жастардың дін тақырыбына деген көзін ашып, сауатын арттыруға болады. Көзі ашық, көкірегі ояу, сауатты азамат біреудің ықпалында кетпесі анық. 

Кездесуде дінтанушы, теолог мамандар Б.Өтеген  мен Б.Нұриддинов қатысып, тұрғындарға кереғар діни ағымдардың қауіптілігі, әлеуметтік желілерде діни материалдар таратпау, діни экстремистік ұйымдардан сақтану керектігі жөнінде мағлұматтар беріп,кері ағымдардан сақтауға бағытталған үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесуге колледж мұғалімдері мен студенттер қатысты. Жиында студенттер терең діни сұрақтар қойды. Мысалы, діннен хабары бар жастар мәзһаб жайлы сұрақ қойды. Мәзһаб – «жол», «бағыт», «көзқарас» деген мағынаны білдіреді. Шариғатта арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығына «мәзһаб» делінеді.

Әрбір адам мәзһәбын дұрыс таңдау білу керек. Дәстүрлі дінді ұстанатын мұсылмандар хәнәфи мәзһабын ұстанады. Бұл ҚМДБ-сы рұқсат берген дұрыс бағыт. Дұрыс сенім. Сондықтан да, әрбір азамат өз мәзһабын білгені абзал. Сонда оларды ешқандай кереғар діни ағымдар өз арбауына түсіре алмайды. Жиында осы жөнінде айтылып, жастарға дұрыс бағыт-бағдар нұсқалды

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер