Теолог мамандар медресе тәлімгерлерімен жаңа форматта кездесу өткізді

Screenshot_1.jpg

Дін тақырыбы күн тәртібінен түскен емес. Дін туралы ақпаратты күнделікті беріп отырған абзал. Тұрақты түрде дұрыс діни мәліметке қанығып өскен баланың бойында иммунитет пайда болады. Бұл иммунитетті ешкім бұзып-жара алмайды. Діни ақпаратты беруде ұлдарға бөлек, қыздарға тәсіл қолданған абзал. Себебі, дін – ең бірінші кезекте ұятты жоғары орынға қояды. Ұлдар бөлек тыңдайтын, қыздар бөлек отырып тыңдайтын дәрістер бар.  

Осыған орай, бүгін діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы «Сарыағаш медресе колледж» білімгерлерімен, яғни ер балалармен кездесуге – ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Тәрбие жұмысы және қосымша білім басқармасының бас сарапшысы Қ.Жахин, ҚМДБ «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, PhD докторы М.Исахан және М.Әуезов атындағы ОҚМУ Құқық және халықаралық қатынастар факультетінің декан орынбасары Е.Бекбосынов, Түркістан облысының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-ң басшысы А.Ноғаев келді. Олар ер балаларға отбасындағы парызын, отбасын түрлі кереғар діни ағымдардан қалай қорғау керектігі түсіндірілді. 

Ал медресе колледж білімгері, оның ішінде қыз балалармен кездесуге бірнеше білікті мамандар келді. Олар кездесу барысында көптеген жабық тақырыптарды қозғап, болашақ ана қандай болуы керек, отбасында қандай жағдайға жол бермеу керек, күдікті адамдардан байланыс орнатуға әрекет жасалғанда не істеу керектігі түсіндірілді.  

Бұл кездесудің тәрбиелік мәні зор болды. Алдағы уақытта мұндай форматтағы кездесулер жиі өткізілетін болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер