Өңірде 50 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған

Screenshot_1.jpg

Түркістан облысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында биыл 65 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланса, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша нақты 54 мың адам жұмысқа орналасқан.  Бүгін бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлімдеді деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Аталған бағдарлама 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Мәселен, техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз етуге 7953 адам оқуға жолданған.

– Әр ауылға өз шебері» акциясы бойынша 2600 азамат оқуға жіберіліп, Оның ішінде оқуды аяқтаған 2 мың адамның 1200-і немесе 63 пайызы тұрақты жұмысқа орналасқан. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасына сәйкес, ұлттық қолөнер шеберлері, ұлттық тағамдарды әзірлеу аспазшысы, суретші, кескіндемеші мамандықтары және дәнді дақылдарды өндеу, агротехникалық мамандықтар бойынша 2 мың адам білім алуда. Оның 1400-і оқуды аяқтап, 1 мың адам тұрақты жұмысқа орналасқан», – деді Мұхит Баймұханбетұлы.

Жаппай  кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқытуға 1730 адам оқуға жолданып, тиісті сертификаттарын алған. Сертификат алған 215 маман 1,1 млрд. теңге көлемінде шағын несиемен қамтамасыз етілді. Шағын несиемен қамтамасыз етуге жоспарланған 792 адамның 543-і  2,3 млрд. теңге көлемінде шағын несие алып, нәтижесінде 842 жаңа жұмыс орны құрылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер