Түркістан облысының Солтүстікке қоныс аударушылар қарасы мол

Screenshot_5.jpg

Түркістан облысында ағымдағы жылдың 9 айында 30 436 отбасыға (173 620 адам) жалпы сомасы 12769 млн.теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бүгін бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлімдеді деп хабарлайды облыс әкімнің баспасөз қызметі. 

Басқарма басшысының айтуынша, шартты ақшалай көмек алушылардың өз кәсібін ашу үшін кіші бизнес жобалар әзірленіп, нәтижесінде 15 127 отбасы 17 мыңға жуық ірі қара мал және 14 500 уақ мал алып, 1689 отбасы құс шаруашылығымен шұғылданып отыр. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету арқылы жалпы 15 127 отбасы ішінен 2580 адам өз ісін ашқан.

– Айта кетерлігі, республиканың солтүстік өңірлеріне халықтың өз еркімен қоныс аударуы жанданып келеді. Аталған кезеңде облысымыздан 263 отбасы, яғни 1112 адам  қоныс аударып, тиісті төлемдерді алуда. Бұл республика бойынша солтүстікке қоныс аударған адамдардың 40 пайызын құрап отыр, – деді Мұхит Баймұханбетұлы.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ардагерлерді  әлеуметтік қолдау бойынша ағымдағы жылы барлық бюджеттер есебінен 8,6 млрд. теңге қаралып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар 64 мыңға жуық техникалық көмекші құралдармен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілген.

Зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсету бойынша 7800 зейнеткер басқармаға қарасты «Ардагерлер» және «Мейір» сауықтыру кешендеріне жолдама алған. 80 жастан асқан жалғызілікті 310 қарияның  зейнетақыларына ай сайын жергілікті бюджет есебінен 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек беріліп келеді.  Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы көрсеткіш бойынша облыста арнаулы әлеуметтік қызметтермен мұқтаж азаматтардың 99,7 пайызы  қамтылған.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер