Халықпен тығыз жұмыс істеу - дамуға жетелейді

Screenshot_10.jpg

Әкім бол, халқыңа жақын бол. Халқымен тығыз жұмыс істейтін әкімнің ісі дөңгелейтіні белгілі.

Осыған орай, бүгін Келес ауданы Абай ауылы, №140 жалпы орта мектебінің мәжіліс залында Келес ауданының әкімі А.Есбаев Абай ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. 

Жиынның күн тәртібінде Абай ауылы әкімінің 2018 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар бойынша есебі тыңдалып, Абай ауылы әкімі Е.Абдирахманов Абай ауылында атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша баяндама жасады. Жиында ауыл тұрғындары аудан әкіміне өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, сала басшыларының нақты жауаптарын алды. Тұрғындар жол, жарық, ағын су, ауыз су мәселелерін көтерді. 

Жиналыстарда айтылған сын ескертпелерді ескеріп, атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды жиналыстар жасалса деген сұрақ-ұсынысын айтты. Сонымен қатар Келес ауданы қоғамдық кеңесінің мүшесі: О.Бегайсов Абай ауылындағы №72 О.Есімов атындағы жалпы орта мектебінің стадионын қоршау, абаттандыру жұмыстарын жүргізу керек деген ұсынысын айтып өтті. Сұрақтарды ден қойып тыңдаған аудан әкімі А.Есбаев мәселенің оң шешімін табатынын айтты. 

Сонымен қатар, Елбасының «100 спорт кешенін салу» тапсырмасына сәйкес Абай ауылындағы орталық саябақ жанынан заманауи спорт кешенін салу жоспарланып жатқанын атап өтті. Жиын соңында аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерге тиісті іс-шаралар қабылданатындығын, орындалуын аудан әкімдігіне ұсынылуын тапсырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер