Сайрамда ескі мектеп күрделі жөндеуден өтті

Screenshot_4.jpg

Жаңа құрылыс нысандарын жүргізіп қана қоймай, ескі нысандарды күрделі жөндеуден өткізіп, жарамды қалыпқа келтіру де аса маңызды. Күрделі жөндеу жүргізу арқылы мол қаржы үнемдеуге болады. 

Осыған орай, бүгін Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы Жібек жолы ауылында орналасқан Ә.Бөкейханов атындағы ЖОМ күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Аталған білім ошағы 1971 жылы бой көтерген. Сол уақыттан бері мектеп жөндеу көрмеген. Ағымдағы жылдың 25-ші қазанында басталған жұмыстың қазір 80 пайызы аяқталған. Нысан желтоқсан айының алғашқы аптасында пайдалануға берілетін болады. Бұл нысанмен аудан әкімі Бақтияр Мамаев аталған білім ордасының жөндеу жұмыстарымен танысып қайтты.

Мектепте білім алатын 900-ге тарта оқушы жақын елді мекендердегі 4 мектепке тасымалданып оқытылуда. Ол үшін аудандық білім бөлімі тарапынан 5 автобус қарастырылған. Балалар жайғастырылған мектептердің сыныптары жылы әрі білім алуға ыңғайлы. Бұйыртса, араға екі апта салып оқушылар заман талабына сай жөндеуден өткен, іші жарық, дәріс алуға ыңғайлы мектепте оқуларын жалғастыратын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер