Кәсіпорындар жұмысы жанданып келеді

Screenshot_6.jpg

Мемлекетте өндіріс орындары көбейген кезде ғана алға даму, ілгерілеу болады. Ірі кәсіпорындар – мемлекеттің экономикасының нары болмақ. Ірі кәсіпорындар, ірі кәсіпорын орнатуға ұмтылған кәсіпкерлер ел қазынасына ірі көлемде салық түсіріп, жүздеген адамды жұмыспен қамтиды.

Сайрам ауданында 2008 жылы ашылған «KazTel» ЖШС кабельді электр сымдарын шығаратын зауыт өз жұмысын қарқынды жүргізіп келеді.

Жоба мемлекеттің «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асқан. Жылына 1 млрдқа жуық өнім өндіретін бұл зауыт, 65 жуық тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Қызметкерлердің тәжірибесіне, атқаратын қызмет түріне қарай жалақылары 60 000 тг мен 150 000 тг аралығында.

Зауытта өндірілген өнімнің 40-45 пайызы ТМД елдеріне соның ішінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстанға экспортқа шығады. Мұндағы шикізаттар отандық өнім, мәселен алюминий Шымкент қаласындағы «Цветлит» фирмасынан ал, мыс Балқаш қаласынан жеткізіледі. Зауыттағы ПВХ, станоктар және де басқа құрылғылар Башқұртстан, Татарстан, Қытай, Иран, Түркия мемлекеттерінен келетін өнімдері. Өндіріс орны биылғы жылдың 9 айында 2494 метр өнім өндірген.

Сонымен қатар зауыт ұжымы мемлекет татарпынан берліген қолдауға өз ризашылықтарын білдірді. Заман талабына сай жабдықталған, жоғарғы сападағы өнім өндіретін «KazTel» ЖШС еліміздің экономикалық дамуына қосқан үлесі зор.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер