"Азаматтық қоғам және мемлекет"

Screenshot_8.jpg

Түркістан қаласында «Азаматтық қоғам және мемлекет: диалог, әріптестік және жауапкершілік» тақырыбында облыстық VIII Азаматтық форум өтті. 

Форум аясында «Үкіметтік емес ұйымның ұйымдық дамуы» және «Жастар ұйымдарының азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі. Еріктілер қозғалысын дамыту» тақырыптарында екі пленарлық секция өтті. Онда дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Асылбек Ноғаев, Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы атынан сөз алған Ақерке Қаһарманова жастарды керағар ағымдардан сақтандыру, салт дәстүрлердің негіздерін үйрету, нашарқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті. 

Келелі басқосуда үкіметтік емес ұйымдардың беделі мен әлеуетін қалай көтереміз? Елді өркендетіп, Түркістанды гүлдендіру үшін қоғамдық бірлестіктер не ұсына алады? Билік тарапынан азаматтық қоғамды дамыту үшін қандай қолдау қажет? секілді мәселелер төңірегінде орамды ойлар мен ұсыныстар айтылды. 

Форум аясында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Сондай-ақ, өңірдегі ең белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдеріне де құрмет көрсетіліп, республикалық ҮІІІ азаматтық форумға баратын делегаттардың тізімі бекітілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер