Күн тәртібінде - деструктивті діни ағымның алдын-алу

Screenshot_1.jpg

Бүгін Түлкібас ауданы әкімідігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Н.Тұрашбековтың төрағалығымен сотқа дейінгі медиацияны енгізу және «Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдарының теріс идеологияларының алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жиынға аудандық сот төрағасы, құқық қорғау орган басшылары, ауылдық округ, поселке әкімдері, дербес бөлім басшылары, ауыл билері мен медиаторлары, мешіт имамдары, ауыл тұрғындары, аудандық және ауылдық ақпараттық түсіндіру топ мүшелері қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мінбеге шыққан Түлкібас аудандық сотының төрағасы М.Бекназаров аудан аумағында медиация аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар, жалпы медияция жүйесінің артықшылықтарын айта отырып, аудан аумағында медиация жүйесін күшейту мақсатында аудан басшысына ұсыныстарын айтты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Түркістан облысы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – нің теологы М.Халықов «Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс иделогияларының алдын алу» туралы баяндама жасады.

Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы, ауданға арнайы келіп, кездесу өткізген қонақтарға аудан тұрғындары және өз атынан алғысын білдіріп, жиында айтылған ұсыныстар назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін айтты. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер