Ордабасы ауданы агросекторды дамыту үшін жаңа техникалар алды

Screenshot_3.jpg

Түркістан облысының табиғаты – ауыл шаруашылығымен айналысуға өте қолайлы. Мақта өсіруге ыңғайлы құмы да, бал арасын өсіруге жайлы тауы да, шыбық қадасаң жайқалып өсер құнарлы топырағы да бар. Түркістан облысындағы әр аудан ауыл шаруашылығының дамуына өз үлесін аянбай қосып келеді. 

Мысалы, құс шаруашлығымен мақтанатын Ордабасы ауданының егін шаруашылығында биыл 58 200 гектарға ауылшаруашылық дақылдары егіліп, нәтижесінде 71 700 тонна көкөніс, 50 755 тонна бақша, 9500 тонна картоп, 52 901 тонна дәндік дақылдар, 5 510 тонна майлы дақыл, 18 697 тонна мақта, 5 545 тонна жеміс- жидек өнімдері толықтай жинап алынды. Бұл жөнінде Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Өндірілген өнім аудан, облыс тұрғындарын ғана емес, республика көлемінде тұтынушыларға жеткізілетін болады. 

Жаңадан қосылатын суармалы жерлердің көлемі 1423 гектарға ұлғайтылып, жоспар (1000 га) 142 пайызға; 721,02 гектарға тамшылатып суару әдісі енгізіліп, меже (700 га) 103 пайызға орындалды. 14,39 гектар жылыжай іске қосылды. Терең қопсыту әдісін қолдану бағытында – 9500 га жерді өңдеу жоспарланып, бұл бағытта 11 соқа алынып, 9807 га жерге терең қопсыту әдісі ендірілді. Аудан көлемінде 63 бірлік жаңа заманауи өндірістік ауыл шаруашылығы техникалары алынып, жоспар 100 пайызға орындалды. Енді келер жылдан бастап жаңа техниканың арқасында жұмыс өнімділі артып, жұмыс процесі тездемек. Бұл өз кезегінде жұмысшылар еңбегін жеңілдетеді.

Осылайша, биыл Ордабасы ерен еңбектің арқасында, мол өнім алып, мерейлері тасып отыр. Келер жылы бағындырылар меже бұдан да биік болмақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер