Арыстық оқушыларға жаңа технологияны меңгеруге жағдай жасалды

Screenshot_9.jpg

Цифрлі технология қоғамға дендеп енгенін талай жаздық. Цифрлі технология – жаңа заман тетігі. Мұнсыз ешқандай тірлік алға баспайды. Жаңа технологияны тездеп меңгерген абзал. 

Осыған орай, бүгін «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарын цифрландыру және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың биылғы жолдауында айтылған цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге бағытталған жобаларды іске асыру мақсатында Түркістан облысы, Арыс қаласының білім бөліміне қарасты С.Қожанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде алғашқы ІТ сыныбы ашылды.

ІТ сыныбының ашылу салтанатына Арыс қаласы әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалының консультанты Ғ.Қошаманов және білім бөлімінің басшысы Ә.Мұсаев қатысты. 

С.Қожанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің заманауи ІТ сыныбында 8-16 жас аралығындағы барлық мектеп оқушылары робототехника саласын және бағдарлау негіздеріне үйренетін болады. 

ІТ сыныбын жабдықтауға жергілікті бюджеттен 5 млн теңге қаржы жұмсалды. Бұл сыныпта оқушылар ақпараттық технология саласын меңгереді. Web сайттар ашып, робот құрастыру және оны басқару, 3D принтинг және тағы басқа жеке жобалар жасауға үйренеді. Үздіктері республикалық, халықаралық ІТ байқауларға қатысып, тың идеяларын дамытуға мүмкіндік алады. 

«Нұр Отан» партиясының мемлекеттік және жергілікті органдармен бірлесуі арқасында алдағы үш жылда бағдарламалау мен робототехника негіздерін тереңірек тегін оқытатын ІТ-сыныптар ашылатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер