Жемқорлықпен күрес пен әдеп кодексін сақтауды алқа мәлжілісінде арнайы атап өтті

Screenshot_13.jpg

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының және кеден бекеттерінің басшыларының қатысуымен 2018 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша кеңейтілген Алқа жиналысы өткізілді.

Департамент басшысы Әлібек Тілегенов Алқа жиналысын ашып, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясының, Ұлт Жоспарының, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалаларының жүзеге асырылған жемістері мен жеңістерінің бірі Шымкент қаласына республикалық мәртебе беріліп, Оңтүстік Қазақстан өңірі Түркістан облысы қайта құрылуына байланысты, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті де қайта құрылғандығын атап өтті. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ міндет». Жиналыс төрағасы жоғарыда айтылған себептерге байланысты мемлекеттік кірістер органы қызметкерлеріне Үндеуді қабылдауға ұсыныс берді. Жиналысқа қатысушылар Үндеуге толығымен қолдау білдіріп, бірауыздан қабылдады.

Алқа отырысының соңында Департамент басшысы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, болдырмауға, Әдеп кодексінің талаптарын, еңбек және орындаушылық тәртіпті қатаң сақтауға шақырды.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер