Ордабасыда мұнай өңдеу зауыты салынбақ

Screenshot_16.jpg

Қазақстан – мұнайлы мемлекет баршаға белгілі. Қазақстан көптеген әлем елдерін мұнаймен қамтамасыз етіп отыр. Жылдан-жылға мұнайға деген сұраныс артып, елімізде мұнай өңдеу зауытын салу қажеттілігі туындап отыр. 

Осыған орай, Түркістан облысында қуаттылығы жылына 2 млн тоннаны құрайтын мұнай өңдеу зауыты салынады. Бұл туралы "TURKISTAN INVEST" Инвестициялық компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жаңа зауыттың құрылысы Түркістан облысының Ордабасы ауданында жүргізілетін болады. Жоба инвесторы - қазақстандық «Standard Petroleum & Co LLP» компаниясы. Жалпы құны - 95 млрд. (тоқсан бес миллиард) теңгені құрайтын инвестициялық жоба аясында жаңа 1 мың жұмыс орны пайда болады. Бұл өз кезегінде елімізде жұмыссыздықты азайтып, экспорт көлемін арттырады. Нәтижесінде, бұл елдің экономикасының дамуына зор септігін тигізеді. 

Бүгінгі күні 250 гектар жер аумағында жерге орналастыру жұмыстары жүзеге асырылып, периметр бойынша қоршаулар орнатылуда. Сондай-ақ, электр желілері өткізіліп, учаскеге жол салынған. 

«Түркістан» ƏКК» АҚ филиалы - «Turkistan Invest» инвестициялық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын жобаның іске қосылуы 2021 жылы күтілуде. Өнім Қазақстан Республикасының аумағында сатылады, сонымен қатар, ТМД елдеріне экспортталатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер