Мектеп ережесін сақтамағандар айыппұл төлейді

Screenshot_4.jpg

Мектеп оқушыларына мектептерде киім үлгісін киетін заң бар, бұл ережелер мектептердің жарғысында бекітілген. Сонда мектеп формасының үлгісі мен ережесі көрсетілген. Ендігі жерде ережені сақтамаған оқушылардың ата аналарына айыппұл салынбақ.

Бұл жайында Кентау қаласында өткен жиында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-сі «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Дәлелхан Оспанов айтып өтті.

Білім және ғылым министрлігінің бірыңғай мектеп формасын сақтау жөніндегі бұйрығы бойынша ережеде екі мәселеге басты назар аударылған. Оның біріншісі киім кию үлгісінде діни атрибуттарға жол берілмейтіндігі. Ол деген сөз христиан, буддизм ислам және өзге де діндерге қатысты атрибуттарға сәйкес мектепке киім киіп келіп келуге болмайды. Ал, екіншісі татурировка салдырып, мұрнына сырға салып, шашын бояп, қысқа киіп келуге жол берілмейді. Яғни, оқушы бекітілген ережеге сәйкес классикалық үлгімен киінуі керек. Юбкасы тізеден төмен, тобықтан жоғары болғаны дұрыс.

Осыған орай, бекітілген ережені сақтамаған ата-аналарға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер