Дін бірлігі -татулықтың негізі

Screenshot_13.jpg

Тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасырлық тарихында еліміздің дін саласы көптеген өзгерістерге ұшырады. Діннің атын жамылған ағымдар мен топтар діни сауаты аз азаматтарымызды өз қармақтарына түсіріп, тіпті өздеріне белсенді жақтасқа айналдырып, өзімізге қарсы қойып үлгерді. Сол себепті бүлдіргі топтар мен ағымдарды деструктивті (бұл сөз латын тілінен аударғанда «құлату», «қалыптасқан жүйені бұзу» деген мағынаны білдіреді) яки теріс пиғылды деп атаймыз. Алайда бұл ағымдағылар өздерін шынайы діндар және ақиқат жолындағылар ретінде санайтындықтан, олардың қатары әлі де болса ара-кідік көрініп қалады.

Осыған орай, бүгін Түркістан облысы Арыс қаласының білім бөліміне қарасты С.Қожанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде "Дін бірлігі -татулықтың негізі" тақырыбында жиын өтті.

Жасөспірімдердің діни сауаттылықтарын жетілдіріп, имандылыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу мақсатында өткен жиынға 9-11сынып оқушылары қатысты. Онда Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Əсет Мұхит пен Облыстық дін істері басқармасы "Дін мәселелері зерттеу" орталығының дінтанушы теолог маманы Бектұрсын Омарбаевжат ағымдардан аулақ болу керектігі жөнінде кеңестерімен бөлісті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер