Жат ағымдармен күрес имамдарға жүктелген міндеттердің бірі

Screenshot_19.jpg

Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының тапсырмасына сәйкес, мешіт имамдары 4 бағытта жұмыс жасауда. Яғни жат ағымдармен, діни оқу-ағарту, қоғамдағы әлжуаз топтарға қайырымдылық шаралар ұйымдастыру, діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-насихаттық топтар арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізу көзделген. Бүгіде бұл бағыттар бойынша елімізде қарқынды жұмыстар жүзеге асып келеді. Яғни, жаңадан тағайындалған имамдар да аталған бағыттар бойынша жұмыстарды жанджандыруы керек.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен Түркістан облысы “Қазығұрт ауданы Мұсылмандары” орталық мешітіне бас имам болып Мұрат Əлімбеков тағайындалды. Жаңа имамды мешіт жамағатына Түркістан облысы Қожа Ахмет Яссауи мешіттің наиб имамы Омар қажы Елеуұлы таныстырды.

Мұрат Абуұлы Қазығұрт ауданының тумасы. Жоғары білімді. 2011-2014 жылдары Қазығұрт ауылдық “Молалы” мешітінің имамы қызметін атқарған. Кейіннен білімін жетілдіру мақсатында Алматы қаласындағы Имамдар біліктілігін жетілдіру ислам институтын тәмәмдаған. Ендігі жерде “Қазығұрт ауданы Мұсылмандары” орталық мешітінің бас имамы қызметін атқаруда


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер