Мақсат - көлеңкелі экономика көлемінің азайту

Screenshot_29.jpg

Қазақстандықтар өздерінің белсенді әрекеті арқылы көлеңкелі экономика көлемінің азаюына және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестіктің дамуына өз үлестерін қосу мақсатында, МКК азаматтарымызға салықтық заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша қоғамдық бақылауға қатыса отырып, бағалы жүлделер ұтып алуға мүмкіндік беріп отыр.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комиті «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен МКК «Түбіртекті талап ет - жүлде ұтып ал!» акциясы ағымдағы жылдың мамыр айынан бері өткізіп келеді.

«Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал!» акциясын өткізе отырып, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Мақтаарал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары «Түбіртекті талап ет - жүлде ұтып ал!» акциясын өткізудің мақсаттарын түсіндіру бойынша Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай Гуманитарлық Техникалық колледжінің студенттері мен оқытушылармен кездесу өткізді. Колледж ғимаратында өткен кездесуде, Мақтаарал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы Ж.Абдигапбаров басқарма қызметкерлерімен бірге «Түбіртекті талап ет - жүлде ұтып ал!» акциясының егже-тегжейлі түсіндіріп, жалпы салық қызметінің жұмыстары жөнінде түсінік берді.

«Түбіртекті талап ет - жүлде ұтып ал!» акциясына өткен жылы қатысып, теледидар ұтып алған аудан тұрғыны К. Бозаев қатысушыларға, биылғы акцияға да белсене қатысып жатқандығын, 700 – ге жуық фискалды чекті түсіріп жолдағанмен бөлісті және «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіліп жатқанына ризашылығын білдірді. Кездесуге қатысушыларды белсенділікке шақырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер