Діни сауат ашу орталығы ашылды

Screenshot_32.jpg

Бүгінде адамдар арасында жат ағымға байланысты түрлі алыпқашты әңгімелер толастамай тұр. Міне, бұл қоғамдағы үлкен проблемалардың бірі екендігі баршамызға белгілі. Осы мәселенің алдын алу, халықты ақпараттандыру мақсатында бүгінде көптеген діни сауат ашу орталықтары жұмыс істейді. Соның бірі Ордасы ауданында бой көтеріп жатыр.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы Ордабасы ауданында іс-сапарда болды.

Іс-сапар аясында Ордабасы ауданының бас имамы Бастарбек наиб мүфти Наурызбай қажыға «Темірлан» мешітімен және мешіт жанынан салынып жатқан діни сауат ашу орталығымен таныстырды. Орталықта балаларға мектеп бос уақытында Құран, имандылық негіздері сабақтары үйретіледі. Мұнда діни сауат ашуда баланы жат діни ағымдардан сақтандыру, діни ағымға кіріп кетудің алдын-алу жұмыстары басты назарда.

Орталық жалпы 30 баланы қамтуға қауқарлы. Онда сынып бөлмелері, дәретхана, жатын бөлмелері қарастырылған. Мешіт ауласында кіші футбол алаңдары қойылып, бау-бақша өсірілген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер