Түркістанда "Agrofest-2018" фестивалінде үздіктер марапатталды

Screenshot_6.jpg

Бүгін Түркістан қаласында алғаш рет «AGROFEST-2018» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті. «Есімхан» алаңында өткен шараға ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, еңбек озаттары, кәсіпкерлер, халық қалаулылары мен сала мамандары қатысты. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мерекелік жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев сала мамандарын кәсіби меркелерімен құттықтап, аймақтың жетістіктеріне тоқталды. 

– Өңіріміздегі ауыл шаруашылық саласының жалпы өнім көлемі 475,6 млрд. теңгеге жетіп, республикада 2 орынға қол жеткіздік. Көкөніс, бақша дақылдарынан 2,8 млн. тоннамен рекордтық өнім жинадық. 500 мың тоннаға жуық өнімдер Ресей, Беларусь, Латвия, Германия мемлекеттеріне, 1 млн. тоннасы еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтілді. Қарқынды баулардың көлемі 2800 гектарға жетіп, елдегі жеміс-жидектің 40 пайызы, жүзімнің 73 пайызы Түркістан облысында өндірілді. Республикадағы салынған жылыжайлардың 77 пайызы, тамшылатып суғару әдісінің 73 пайызы да біздің өңірге тиесілі. Облыста алғаш рет 6,2 мың тонна ет экспортталып, республика экспортының 41 пайызын қамтыды. Мұның барлығы Сіздердің еткен еңбек, төккен термен келген жетістіктер деп айтуға толық негіз бар, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Фестиваль аясында ауыл шаруашылығы саласында белсенділік танытып, үздік көрсеткішке қол жеткізген аудан, қалалар және жеке шаруалар ҚР Премер-Министрдің орынбасары ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Естайұлының және облыс әкімінің медальдары мен арнайы сертификатына ие болды. Өңір шаруалары «Озат астық жинаушы», «Озат мал бордақылаушы», «Озат бақша өсіруші» сынды 21 номинация бойынша марапатталды. 

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, онда 182 тонна табиғи таза өнімдер нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан бағада саудаланды. Қонақтар үшін 1 тонна палау мен 1 тонна бауырсақ дайындалып, көпшілікке тегін таратылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер