​Түркістан облысында асфальт-бетон өндіру зауыты іске қосылды

Screenshot_19.jpg

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында грециялық және жергілікті компанияның бірлескен жұмысы арқасында асфальт-бетон өндіретін зауыт іске қосылды деп хабарлайды TURKISTAN INVEST инвестициялық компаниясының баспасөз қызметі.

Жобаны жүзеге асыру мақсатында тартылған инвестицияның жалпы құны 300 млн. теңгені құрайды.Кәсіпорын грециялық «Soldatos» ЖШС-гі мен «Түркістан» ӘКК» АҚ-ның филиалы - «TURKISTAN INVEST» инвестициялық компаниясының бірлесіп атқарған жұмыстары нәтижесінде іске қосылды. 

Зауыт Мақтаарал ауданындағы индустриалдық аймақтың 3 гектар жер аумағында салынған. Өнім Қазақстан бойынша сатылатын болады. Жобаның жоспарланған жылдық қуаттылығы - 20 мың тонна деп көзделіп отыр. Өндіріс басында 30 адам тұрақты түрде жұмыс істейді. Бұл зауыт сұранысқа сәйкес, жыл сайын өндіріс қарқынын арттырып, экспорттан пайда тауып, одан түсер салық көлемін де арттырып, көлеңкелі экономикаға жол бермей, тұрақты түрде төлеуді жоспарлап отыр. Нәтижесінде, аталған зауыт еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосады. 

Айта кету керек, 2018 жылдың 18 маусымында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан облысы құрылып, оның орталығы Түркістан қаласы болып бекітілді. Үш айдан астам уақыт ішінде облысты дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Облысты дамытудың 3 бағыты айқындалды. Олар: туризм, агроөнеркәсіп кешені және логистика мен транзиттік әлеует. Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасымен Түркістанда «TURKISTAN INVEST» инвестициялық орталығы ашылған болатын. Бұл да инвестиция тартуға және кәсіпкерлікті дамытуға серпін беретін болады деген сенім артылған болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер