Білім саласы – ең маңызды салалар қатарында. Елдің экономикалық-әлеуметтік саласының дамуына білім саласының қосар үлесі өте ауқымды. Түркістан облысы, Ордабасы ауданы білім саласында көптеген жетістіктер бар.
Жалпы білім беретін мектептерде қыркүйек есебі бойынша ауданда 30822 оқушы білім алады (2017 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 1451-ге артқан). ҚР білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты міндеттері – біріншіден, мұғалімдерді даярлаудың және біліктілігін арттырудың көп деңгейлі жүйесін іске асыру. Бұл ұстаз мәртебесін көтеріп, оқу сапасын жақсартуға негіз болады. Кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыру - әр ұстаздың міндеті.
Осыған орай, 2013-2018 оқу жылдар аралығында Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының бағдарламасы бойынша 537 ордабасылық мұғалім деңгейлік курстардан, 2072 педагог жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өтті. Үштілділік бойынша арнайы курстан 78, робототехника бойынша 39 педагог маман өтті. Бұл жоба зор жемісін береді. Білікті мұғалімдер оқушыларға сапалы білім береді. Сапалы білім – өрлеуге жетелер басты құндылық. Білімді жастар елдің дамуына көптеген тың идеялар алып келетіні анық.
Осыны есепке алған білім бөлімі басшылары ұстаздардың бәсекеге қабілетті болғанын қадағалап отыр. Ордабасыдан білімді жастар шығатын күн алыс емес.