Ваннаға түскен кезде ұялы телефонды неге ұстауға болмайтыны белгілі болды

Screenshot_22.jpg

Ғалымдар қауіпсіздік ережелері сақталмаса ұялы телефондар адам өміріне қауіп төндіретін құрылғыға айналатынын ескертті. Бұл туралы РИА Новости сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Ұялы телефон келетін бірнеше қатер бар. Мәселен ваннада жатқан кезде ұялы телефоныңды алғыңыз келетін сәттер аз емес. Біреумен сөйлесіп, тым болмаса қызықты бір нәрсе оқығыңыз келеді. Дегенмен, бұлай істемеген жөн. Әсіресе телефонды токқа сұғып, қуаттап жатып оны пайдаланбаған абзал. Қарапайым розетка қуаттанып тұрған ұялы телефон аса қауіпті. 

Егер телефон суға түсіп кетсе, аккумулятор ішіне су кіріп, сізді тоқ соғуы ғажап емес.

Екінші қатер, жарылыс пен күйік шалу.

Смартфондарды пайдалану кезінде электр жарақаттары сирек кездеседі. Дегенмен, кейде ұялы телефондар жарылып кетіп жататын кездері де аз емес.

Мысалы, 2016 жылы непалдық бозбала қуаттанып тұрған ұялы телефоннан құлаққап арқылы музыка тыңдап отырғанында телефоны жарылып кеткен. Жарылыс нәтижесінен жігіттің сол құлағы мен қолы күйіп қалған. Жігіттің бастапқыда құлағы естімей қалғанымен, кейін есту қабілеті қалпына келген.

Ал 2015 жылы Түркияда бойжеткеннің денесінің екі пайызын күйік шалған.

Ал 39 жастағы Нидерланд тұрғыны ауыр бөксе мен қол жарақаттарын алған. Нәтижесінде дене терісін алмастыру отасы жасалған екен.

Ең қызық жағдай Уэльсте болған. Көліктің жанармай багын ауыстырып тұрған механик, кенет соғылған телефон қоңырауына жауап бере бергенде жарылыс болған екен.

"Заманауи электр тогын пайдаланатын құрылғыларды қолданғанда қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақтау керек. Қауіпсіздік ережелерінің орындалмауының салдары жазатайым жағдайлар мен өлімге себеп болады", - дейді мамандар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер