Түркістан облысында диқандар мақтаның орнына күріш еккен

image.png

Түркістан облысында «Қазсушар» филиалының келісімінсіз ылғалды көп қажет ететін дақылдарға көшудің 203 дерегін анықтады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады ҚазАқпарат.

Барлық жағдайда диқандар мақтаның орнына күріш еккен.

— Жетісай ауданында 66 шаруа қожалығы 1079 гектар жерге өсірілетін дақыл түрін өз бетінше ауыстырған. Ал Мақтаарал ауданында 137 шаруа қожалығы 1128 гектар алқапта дақылдарды өздігінен алмастырған, — делінген министрлік хабарламасында.

Бұл өз кезегінде өңірдегі су ресурстарына қосымша жүктеме түсіріп, заңсыз су алу қаупін арттырады.

Қазіргі уақытта барлық заң бұзған шаруалар «Қазсушардың» Түркістан облысындағы филиалымен су жеткізу туралы қосымша келісімдерге қол қойды.

— Бұл келісімдерде олар ылғалды көп қажет ететін дақылдардың егіс көлемін қысқарту шаралары туралы хабардар болғандарын және су тапшылығы туындауы мүмкін екенін білгендерін көрсеткен. Дегенмен олар күріш егу үшін өздеріне жауапкершілік алып, өңірдегі су ресурстары тапшылығы жағдайында күрішті суаруға қажетті көлемде судың берілмеуіне дайын болған, — делінген Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарламасында.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер