Қазақстанда балаларға мектепке бармауға заң түрінде рұқсат беру ұсынылды

image_750x_5b01462754b8c.jpg

Қазақстанда «хоумскулер» деп аталатын топ пайда болды. Олар дәстүрлі білім беруді жоққа шығарып, балаларға мектепке бармауға заң түрінде рұқсат етуді ұсынуда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл өз бетінше білім алу жүйесін қолдап отырған ата-аналар тобы. Олардың айтуынша, дені сау бала мектепке мүлде бармай, үйде ата-анасы мен репетитордың бақылауында болады.

«Қазіргі бар білім жүйесі балаларды индустриалдық болашаққа дайындайды. Бұл мүлде басқа талаптар: тапсырманы бүге-шүгесіне дейін орындау керек, оның не қажеті бар екенін ойламайды, қоңырау соғылғанда сабаққа кіріп, сабақтан шығу керек, көп ақпарат алып, оны баста сақтау керек. Заманауи мектеп балаларды мүлде өзгеше, креативті ойлауды талап ететін, ақпаратты сақтауды қажет етпейтін, себебі, ақпаратты табу қазір өте оңай және өтірік пен шындықты ажырата алатын арғы күнге дайындауы керек. Өкінішке қарай, қазіргі мектептер балаларды өтіп кеткен кешегі күнге дайындап отыр», - дейді ата-аналар бастамасының төрағасы Светлана Друзь.

Бұл қозғалыс өкілдері отбасылық білім беруді заңдастыру туралы үкіметке бірнеше рет ұсыныс жолдаған. Алайда, нәтиже жоқ.

«Халықаралық тәжірибені қарастырсақ, шетелдегі балалар үйде, үй жағдайында білім ала алады. Бұл ата-аналардың қалауы, олар репетитор жалдайды. Ал Қазақстанда бұл әзірге заңмен реттелмеген, сондықтан бүгінгі күні балалар үйде оқи алады. Алайда, мұның барлығын жергілікті атқарушы органмен, білім беру басқармасымен келісу керек. Себебі, соңында ол бала бәрібір мемлекеттік стандартты игеруі керек болады», - дейді ҚР БҒМ Инклюзивті және арнайы білім басқармасының бас сарапшысы Ардақ Айтжанова.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызғылт Ай. Бүгін аспаннан ерекше астрономиялық құбылысты байқауға болады
  • Жасырын жүрістен гөрі екінші әйел алған жөн – теолог
  • Елімізде енді көлік терезесінен басын шығарғандар айыппұл арқалайды
  • Шымкентте антикор төрағасының бұрынғы орынбасары сотталды
  • Сән-салтанат салығының орнына қандай алым түрі енгізіледі — Жұманғарин жауабы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер