Ауқымды жылыжай салынады

Oinet.kz 24-12-2024 10

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің Түркістан қаласына сапары аясында  жалпы сомасы 1,97 млрд. АҚШ долларына 5 жоба бойынша меморандум түзілген еді. Солардың бірі Түркістан облысының әкімдігі мен POLCOTTON LTD поляк компаниясы арасындағы меморандум. Поляк компаниясы 27 миллион долларға Сайрам ауданында аумағы 21 гектарды құрайтын жылыжай кешенін салуды жоспарлап отыр.  

Жоспар бойынша жабық алқап түгелдей жоғары технологиямен жабдықталады. Ауқымды жоба екі кезеңге бөлінген. Алғашқы кезеңінде 11 гектар жылыжайды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал екінші кезеңде тағы 9,5 гектары салынады. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынған. Инвестициялық келісімшарт жасалып, қажетті құралдары жеткізілген.

Жалпы өткен жылдан бастап, инвестициялық қызметті әртараптандыру шеңберінде, Cottonex компаниялар тобы, Түркістан облысы Сайрам ауданында жоғары технологиялық жылыжай кешенін салу жөніндегі ауқымды жобаны іске асырған.

 Айта кетейік, одан өзге меморандум негізінде «Түркістан» индустриалды аймағында Қазақстан-Қытай индустриалды паркі салынатын болады. Онда энергетикалық жабдық пен бұйымдар өндірілмек.


Мигранттар "бір терезеден" қызмет ала алады
Зәйтүн бізде де болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу