Е дәрумені (токоферол): пайдасы мен зияны
Е дәрумені – маңызды антиоксиданттарға бай майда еритін адам ағзасына пайдалы витамин. Ол табиғатта сегіз түрлі формада кездеседі. Антиоксидант ретінде ағзаны сүт қышқылы сияқты зиянды токсиндерден қорғайды. Ағзада Е дәруменінің жетіспеуі анемияға әкеп соқтыруы мүмкін.
Е дәруменінің физика-химиялық қасиеті
Токоферол – ашық сары түсті, майлы сұйықтық, суда ерімейді, бірақ хлороформда және күкірт қышқылында жақсы ериді.
Фармологиялық қасиеттер: гемдер мен ақуыздардың биосинтезінде, жасушалардың көбеюінде, тіндердің тыныс алуына және жасушалардағы басқа процестерде қатысады.
Е дәруменіне бай өнімдер
Е дәрумені зәйтүн және кілегейлі майларды, жасыл өсімдіктерде, сүт, жұмыртқа, бауыр, ет, сондай-ақ дән ұрықтарында, шырғанақ, шпинат, брокколи, кебек жәнеде басқа да дәнді дақылдарда көптеп кездеседі.
Е дәруменінің күнделікті қажеттілігі
Жасы мен жынысына қарай Е дәрумені төмендегідей өзгереді:
6 айға дейінгі балалар – 3 мг
7-12 айлық балалар – 4 мг
1-3 жасар балалар – 6 мг
4-10 жасар балалар – 7 мг
11 жастан жоғары ер адамдар – 10 мг
11 жастан жоғары әйел адамдар – 8 мг
жүкті әйелдер – 10 мг
емізулі әйелдер – 12 мг
Е дәруменінің пайдасы
Е дәрумені маңызды антиоксидант болып табылады
қартаю процесін баяулатып, оны жақсартады
иммунитетті арттырып, вирус пен қауіпті бактериялық инфекциядан қорғайды
тіндердің қалпына келуіне көмектеседі
қан айналымын жақсартады
теріні ультракүлгін сәулелерден қорғайды
гормондарды синтездеуге қатысады
терідегі тыртықтар мен олардың орнын қалпына келтіреді
қуықтың қатерлі ісігінен қорғайды
простата обыры мен Альцгеймер ауруынан сақтайды
денедегі әлсіздікті төмендетеді
қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетеді
бқалыпты жұмысын жақсартады
жасушаларды қайта қалпына келтіріп, жүйке жүйесін жақсартады
Е дәруменінің негізгі пайдасы жүктілік кезінде аса маңызды оң әсерін тигізеді.
Е дәруменінің зиянды тұсы
Негізі Е дәруменіның ағзаға ешқандайда зиянды тұсы жоқ. Сондықтан оны көп қабылдағаннан ешқандай зиян көрмейсіз. Дегенмен, егер сіз рұқсат етілген мөлшерден тыс көп қаьылдасаңыз, онда ол денсаулыққа теріс әсерін тигізеді.
Е дәруменінің артық дозалануы: диарея, метеоризм, құсу, қан қысымының көтерілуі және аллергиялық көріністің пайда болуы.
Е дәруменінің қорытылуы
Фармакокинетика: ауызша қабылдаған кезде асқазан-ішек жолына сіңеді, оның көп бөлігі лимфаға енеді, барлық тіндерге тез таралады, өтпен және зәрдегі метаболиттер түрінде баяу шығарылады.
Е дәруменін тым артық қолдану салдары
құрамында Е дәрумені көп препараттарды жиі қабылдау
құрамында осы дәрумені көп тағамдарды жеу
ағзадағы шыдатпай ауырған кезде қабылдау
Ағзадағы артық Е дәруменнің белгілері
көру қабілетінің нашарлауы
әлсіздіктің пайда болуы, апатия, тез шаршағыштық
бас ауруы және айналуы
асқазан және жүрек аурулары
бұлшықет талмасы мен ауруы
тыныс алудың қиындауы