Жұма күні оқылатын таңғы дұға
Алла Тағала сізді сынаққа алса – үніңізді естігісі келгені, ал дұға жасауға мүмкіндік берсе – жауап бергісі келгені.
Ендеше, қасиетті жұма таңында мына дұғаны оқуды ұмытпаңыз.
⠀
Оқылуы: «Астағфируллаһәлләзи лә иләһә иллә һуәл хайюл қайиуму уә әтубу иләйһи...» اَسْتَغْفِرُ اللهَ الَّذِى لاَ اِلَهَ اِلاَّ هُوَ الْحَىُّ الْقَيُّومُ وَاَتُوبُ اِلَيْهِ
Мағынасы: «Өзінен басқа ешбір тәңір болмаған, әрдайым тірі, әр нәрсені толық басқарып тұрушы Алладан күнәларыма кешірім сұраймын және оған тәубе етемін...»