"ПУИД-2" бағдарламасы бойынша орын алған кемшіліктер жойылады
Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Иіржар ауылдық округінің тұрғындарымен болған көшпелі кездесуінде тұрғындар тарапынан "ПУИД-2" бағдарламасы бойынша жүріп жатқан құрылыс нысандарында кемшіліктер орын алып жатқаны туралы мәселе көтерілген еді.
Күні кеше аудан басшысының төрағалығымен аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында көтерілген мәселелер бойынша арнайы жиын өтті.
Кеңейтіліген отырысқа "Қазсушар" РМК ТФ Мақтаарал өндірістік бөлімшесінің басшысы С.Тойтанов, "ПУИД-2" жобасының техник-кеңесшісі Д.Абдыкадыров, "СМЕК" компаниясының инженер резиденті Е.Айменов және "Туннель Саад Ариана" компаниясының өкілі М.Тораб қатысты.
Жиын барысында Иіржар ауылдық округінің тұрғындары тарапынан көтерілген әрбір мәселе талқыланып, оның шешу жолдары қарастырылды. Сондай-ақ, аудан басшысы көтерілген мәселелерді шешу бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.