Мақтааралда "Парасат" пікір-талас клубының кезекті отырысы өтті
Бүгін "Amanat" партиясы Мақтаарал аудандық филиалы жанынан құрылған "Парасат" пікірталас клубының кезекті көшпелі жиыны А.Қалыбеков ауылдық округінде өтті.
Ашық пікір алмасу форматында ұйымдастырылған отырысытың күн тәртібіне еркін тақырып қойылып, аудандағы өзекті мәселелер талқыланды.
Басқосуға аудан әкімі Бақыт Асанов пен "Amanat" партиясы Мақтаарал аудандық филиалының атқарушы хатшысы, депутаттар, бөлім басшылары, қоғамдық ұйым басшылары, белсенді азаматтар, БАҚ өкілдері және тұрғындар қатысты.
Айта кетейік, "Парасат" пікірталас клубы қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық айтып, пікірталас алаңында жан-жақты талқылау мен шешу жолдарын қарастыруды көздейді.
Сонымен қатар, ауданның белсенді азаматтары мен саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету міндетін де атқарады.