Сайрам ауданында 5311 гектар жер учаскелері ортақ жайылымға қайтарылды

Oinet.kz 02-11-2024 20

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан егістік пен жайылымдарды мемлекет меншігіне қайтару Президенттің тікелей бақылауында тұрған мәселе. Ол Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауларында, басқа да халыққа арнаған үндеулерінде аз айтылған жоқ. 

Screenshot_6.jpg

Ең бастысы сең қозғалды. Бүгінге дейін игерусіз жатқан жайылымдар мен егістік жерлер ел игілігіне қайтарылуда. Бұл жұмыстар Сайрам ауданында да жоспарға сәйкес атқарылуда. Кеше Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтың төрағалығымен аудан аумағында жайылым жерлерді ортақ пайдаланысқа қайтару барысы келелі жиын өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. 

Жиында аудандық жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Рамазан Әжібеков осы жылдың басынан бүгінгі күнге пайдаланылмай жатқан жайылым жер учаскесін қайтарған ауылдық округтер тізіміне тоқталды. 

- Халық тарапынан жиі көтерілетін мәселенің бірі – жайылым. Бұл бағытта Мемлекет басшысы тапсырмасына сай көп жұмыстар атқарылу үстінде. Облыс әкімі де жайылым мәселесін тұрақты аппарат отырысына қойып, талдап отырады. Мемлекетіміздің «Жайылымдар туралы» Заң талаптарын жүзеге асыру мақсатында облыстың барлық аудандарында жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бірлескен шешімдерімен жайылымдарды пайдалану жоспары мен схемасы бекітілген.

Жайылым мәселесі күнделікті бақылауда. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес  барлық ауылдық окруктердің жайылым қажеттілігі қайта талданып, өзекті деген бірнеше ауылдық округпен терең жұмыс жүргізілуде. Бұл окруктердің мал басы нақтылануда. Мал басының өсіміне қарай жайылымға қажеттілік және жерлерін кеңейту шаралары қабылданатын болады. Сондай-ақ, ауыл мағындағы жер пайдаланушылармен келіссөздер жүргізу немесе сот тәртібімен қарап иелігіндегі жайылым жерлерді қайтарып ауылдық округтерге бекітіліп берілетін болады, - дейді бөлім секторы.

Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңда қоғамдық жайылым көлемін ұлғайту мақсатында, ауылдық елді мекен шекарасынан тыс орналасқан жайылымдарды ауыл әкімдерінің құзыретіне беру туралы норма бекітілген. Бұл норманың басты мақсаты – жеке мал жаю үшін жайылыммен қамтамасыз етуге қатысты ауыл әкімдерінің құзыреттері кеңейтілді. Басты мәселе тұрғындар малын жылдың төрт мезгілінде де және барлық малды ауылда ұстауы болып отыр. Осыдан барып елді мекендер маңындағы жайылымдардың жетіспеушілігі туындауда. Осының салдарынан жайылым жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналып, халықтың наразылығын тудырып әлеуметтік желілерде көтерілуде.

Сектір меңгерушісінің айтуынша, аудан аумағында ортақ жайылым құру мақсатында 2022-2024 жылдарда 240 жеке және заңды тұлғалардың жалпы көлемі 9 971 гектар жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы №278, №279, №9, №346 және №199 қаулылары қабылданған. Нәтижесінде жалпы көлемі 5 311 гектар жер учаскелері ортақ жайылымға қайтарылды. 

Бүгінде Манкент, Ақбұлақ, Қайнарбұлақ, Көлкент ауылдық округі әкімдіктері тарапынан қаулыға сәйкес хабарламаларды қайта табыстау туралы жұмыстар жүргізілуде. Мәжіліс соңында аудан әкімі пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару міндетін қарқынды қолға алу қажеттігін айтты. Оның ішінде, Арыс, Жібек жолы, Қарасу, Қарабұлақ, Құтарыс, Қарамұрт әкімдіктері тарапынан хабарламаларды қаулыға сай қайта табыстау жұмыстарын жүйелі жүргізуді жүктеді. 

Ордабасы ауданындағы Шұбар ауылдық округі тұрғындары инфрақұрылым игілігін көруде
Арыс қаласының сәулеттік келбетін жақсартуға елеулі көңіл бөлінуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу