Арыс қаласының сәулеттік келбетін жақсартуға елеулі көңіл бөлінуде

Oinet.kz 02-11-2024 25

Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмысты істеуге қолайлы елді мекеннің сапалы инфрақұрылымның болуы.

Screenshot_7.jpg

Осы бағытта қабылданған бағдарламалар бүгінде Арыс қаласында табысты іске асырылуда. Арыс қалалық қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрғиса Жанбатырдың айтуынша, шаһардың сәулет және қала құрылысы саласы бойынша ағымдағы жылдың 10 айында әзірленген ауқымды жобалар өз нәтижесін берді. Атап айтсақ, бөлім тарапынан Арыс қаласын және елді мекендердің өзіндік кескін-келбеті мен көркемдік сәулетін қалыптастыру, шаhарды тұрақты дамыту, мейлінше көркейту, абаттандыру және көгалдандыру мақсатында,  мақұлданған жобалар табысты іске асырылуда. 

- Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында жергілікті басшыларға инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешуді тапсырған болатын. Президент тапсырмасына орай Арыс қаласында қолға алынған жұмыс көп. Кейбір инфрақұрылым мәселелері «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында шешімін табуда. Сондай-ақ Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысымен «АТС Град» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобалаушы тарапынан Түркістан облысы аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған шара Арыс қаласында да жүзеге асырылуда, - дейді ол.

Осы қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбасын әзірлеу бойынша Арыс қаласында кешегі күні әкімдіктің ұйымдастыруымен жиын өтіп, оған қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары мен ауыл әкімдері қатысты. Жиынға Арыс қалалық қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрғиса Жанбатыр төрағалық етті. 

Жиын барысында «АТС Град» мекемесінің бас сәулетшісі Қасиет Ташимбетов баяндама жасап, қала картасындағы жобалармен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Құрылыс және жобалау саласының мамандары Арыс қаласының болашағына арналған жоспарларды талқылады. Бас сәулетші жобалардың негізгі бағыттары мен мақсаттарын түсіндіріп, аймақтағы инфрақұрылымды жақсарту, тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.

Сонымен қатар, жоба аясында әлеуметтік нысандардың құрылысын дамыту, жол және көлік инфрақұрылымын жақсарту, экологиялық тұрақтылықты сақтау сияқты маңызды мәселелер қарастырылды.  Қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, жобаның жүзеге асырылуына қатысты ұсыныстарын білдірді.

Сайрам ауданында 5311 гектар жер учаскелері ортақ жайылымға қайтарылды
Түркістан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысына басымдық берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу