Домалақ ана

Oinet.kz 11-12-2024 69

«Ардақты ана» музейі  облыс көлеміндегі аяулы аналардың еңбектері мен ерліктерін кеңінен насихаттап, өскелең ұрпаққа үлгі етіп келеді. Музей экспозициясына аяқ басқаннан-ақ, еліміздің дамуына үлес қосқан аналардың тарихына куә боласыз. 

Screenshot_6.jpg

Ұлтымыздың ұлт болуына септігін тигізген сондай аналардың бірі-Нұрила ана. Экспозициядағы айналасына нұр шашқан «Домалақ ана» бұрышы ананың тағдыры мен тарихынан сыр шертеді. 

Қолбасшы, билеуші болған Бәйдібек бидің кіші әйелі Нұрила-нағыз тарихи тұлға болған. Оны қазақтар «Домалақ ана» деп Ұмай анамен қатар құрметтеген. 

Аңыз бойынша анамыз нағыз ақылгөй, дана болған. Қазір қазақ оны «бүкіл қазақ халқының анасы» деп санайды. Бүгінгі ұрпақ әулие ананың басына жиі барып, зиярат етеді. 

Қолбасшы Бәйдібек жорығынан жеңіспен оралып келе жатқанда құдық басында әулиелі жерде жүрген бір сәуегей оған кеңес беріп: «Осында айналасына нұр шашып жүретін, құдайдың рақымы мен мейіріміне бөленген бір қыз бар, соны әйелдікке алыңыз»-дейді. Бәйдібек би оның кеңесіне құлақ асып, көп ұзамай үйленеді. Ол кезде Нұрила 19 жаста еді. Осындай аңыздар ел арасында өте көп тараған. 

Перизат Ахметова,

«Ардақты ана» музейінің қызметкері

Аналар кеңесіне он жыл
Кентау қаласындағы №5 жылу энерго орталығының қазандықтары біртіндеп жаңғыртылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу