Сарыағаш ауданында өндіріс көлемі артып отыр

Oinet.kz 21-12-2024 46

Сарыағаш ауданы инвестиция тарту бойынша Түркістан облысында көш бастап тұрған аудандардың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту – маңызды міндет екенін атап айтқан болатын. 

Screenshot_33.jpg

Осы бағытта атқарылған жұмыстар Сарыағаш ауданының артықшылығы болып отыр. 

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың айтуынша, жыл басынан бері Сарыағаш ауданында 47,8 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылып, жоспар артығымен орындалған. 

- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Отандық бизнеске және шетел инвесторларына жол ашу – Үкімет пен барлық мемлекеттік органдардың міндеті» деп атап өткеніндей, ауданда өндіріс орнын ашып, халықты жұмыспен қамтимын деген инвесторлармен қашанда біз жұмыс істеуге дайынбыз. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру мақсатында да бірлесе жұмыс істеудеміз. Сондай-ақ облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан көлемінде 2030 жылға дейінгі бас жоспар бекітіліп, сол жоспар аясында тиісті жұмыстар атқарылуда. Ал осы жылдың 10 айында атқарылған жұмыс барысына тоқталар болсам, биыл өнеркәсіп саласында 23,6 миллиард теңгенің өнімі өндірілсе, жыл соңына дейін көрсеткішті 32,4 миллиард теңге жеткізу жоспарлануда. Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 15,7 миллиард теңгеге жетсе, жыл қорытындысымен 23,6 миллиард теңгеге жеткіземіз деген жоспарымыз бар. Сондай-ақ, аудандағы ауыл шаруашылығы саласында 112,3 миллиард теңгенің өнімі өндірілсе, қалған бір айда бұл саладағы өнім көлемін 137,5 миллиард теңгеге жеткізу көзделуде, - деді аудан әкімі.  

Сонымен Президент тапсырмасына сәйкес өңірдегі инфрақұрылым саласында да бірқатар оң шешімдер қабылданып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Арман Абдуллаевтың айтуынша, аудандағы 4 елді мекеннің таза ауыз су құбырларына құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілсе, жыл соңына дейін облыстық және республикалық бюджет тарапынан 11 елді мекенді таза ауыз сумен қамту жұмыстары аяқталмақ. Ал, табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі таңда 4 елді мекенде құрылыс жұмыстары атқарылып жатса, облыстық және республикалық бюджет арқылы тағы 10 елді мекенді табиғи газ жүйесіне қосуға жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында мемлекет тарапынан қолға алынған бағдарламалар мен жобалардың ел игілігі үшін жұмыс істеуі керектігін үнемі айтып, билікке тапсырып отыр. Сондай-ақ өңірлерді өркендетуге, өндіріс ошақтарын дамытуға, индустриалдық аймақтардың жұмысын жандандыруға Жолдауында айтарлықтай көңіл де бөлгені белгілі. Осы айтылған міндеттерді асыруда, инфрақұрылым мен шағын кешендердің құрылыс жұмысын жүргізуге бірінші кезекте «Ауыл – ел бесігі» жобасының көп септігі тиіп отырғаны жасырын емес. Ал инфрақұрылым саласының тағы бір маңызды тармағы – тұрғындарды сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету. Ауданда биыл жалпы ұзындығы 6,2 шақырымға 75 электр бағаналарын, 4 дана трансформатор орнату жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, Тегісшіл, Ақжар, Жемісті және Қызылжар ауылдық округтерінің ішкі көшелеріне «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көшелерге асфальт жабыны төселді. Аудандық бюджеттен 32 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары аяқталды, - дейді аудан әкімі Арман Абдуллаев.

Жалпы ауданда өнеркәсіп, өндіріс пен ауыл шаруашылығы, инфрақрылым мен басқа салада жеткен табыстар аз емес. Ол атқарылған жұмыстарды осы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстарға қарап аңғару қиын емес.

Сауран ауданында интернет сапасы арттырылуда
Қазығұрт ауданында 10 айда өндірілген өнім 96,4 миллиард теңгені құрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу