Туристер Түркістан қаласы жайлы жылы пікірлерін қалдырды

Screenshot_3.jpg

Қазір интернет беттерінен Түркістан қаласы жайлы мәлімет іздесеңіз, ең бірінші алдыңыздан Turkestantour.kz сайты шығады. Аты айтып тұрғандай, бұның туристік сайт.

Туристерге арналған бұл сайтта «Галерея» және «Жаңалықтар» бөлімдерінде туристер қаланың тыныс-тіршілігімен фото және текст күйінде танысады. Қалада соңғы уақытта қандай нысандар салынды, қандай іс-шаралар өтті, алдағы уақытта қандай оң өзгерістер орын алады, бәрін осы жерден білуге болады. 

«Пікірлер» бөлімінде туристер демалыс сапарларынан алған әсерлерімен бөліседі. Мұнда қазақстандық азаматтардан бөлек, шетел азаматтары да көптеп пікір қалдырған. Мысалы, Мила есімді Ресей азаматшасы:

– Түркістан – Қазақстандағы мен саяхаттап барған ең алғашқы қала. Шынымды айтсам, мен мұнда өзімді басқа әлемде жүргендей сезіндім. Өте жағымды әсер алдым. Әрине, кішігірім мәселелер алдымнан шықты, дегенмен, бұл қонақжай қала сыйлаған зор әсерді ешқандай зиянын тигізе алмайды. Алдағы уақытта мен мұнда тағы да келетін боламын, - деп өз ойын жазған. Ал, Валентина есімді орта жастағы әйел: 

– «Орталық Азия қалалары» туристік туры бойынша Оңтүстік өлкеде болдық. Мұнда мені шексіз жазықта орналасқан Түркістан қаласы бірден өзіне баурап алды. Әлі күнге дейін қала аумағындағы әдемі көне ескерткіштер есімнен кетпейді. Түркістан қаласы мен Қожа Ахмет Иасауи аты бір-бірімен тығыз байланыста екен. Ахмет Иасауиды қазақ халқына Ислам дінін әкелген және түркі жұртын рухани бірлікке шақырған тұлға ретінде таныдым. Оның есімі қойылған кесене ішіндегі «Үлкен Ақсарай» залындағы жағымды аурасы мен иісі әлі есімде. Кезіне мұнда билеушілер жиналыс жасап, шетел елшілерін қабылдапты. Егер Түркістанға баруға тағы мүмкіндік туса, онда күзде қайта барар едім. Себебі, жазда өте ыстық, - деп пікір қалдырған. Жалпы, барлық пікірді оқи отырып, көпшілігі Түркістан жөнінде жақсы пікірде қалғанын біле аламыз. 

Аталған сайтта ең маңызды бөлім – «3D турлар» деп аталады. Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов та өзінің әлеуметтік желісінде туристерді қызықтыруда 3D турға көбірек мән беру керектігін хабарлаған болатын. 3D тур деген не? Бұл деген кез-келген адам үйінде отырып-ақ өзі қалған нысанды 360 градуста ары-бері бұрып тамашалай алады. Құдды сол нысанда өз аяғымен жүрген секілді. 3D турға – Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Сауран қалашығы, Үкаша ата кесенесі мен құдығы, Арыстан баб кесенесі, «Түркістан тарихы» мұражайы, ҚМДБ Түркістан, этникалық ауыл және қақпа, Қылует жер асты мешіті, «Жұма мешіті» музейі, Шығыс моншасы, Отырар, Хан ордасы кірген. Туристер қалаған нысанды ашып көріп, виртуалды түрде толықтай аралай алады. Егер Түркістан оларға виртуалды тұрғыда ұнаса, онда олар мұндай міндетті түрде келуге тырысады. Сондықтан да, оларға сапалы 3D тур арқылы жағымды әсер қалдыру өте маңызды. 

Turkestantour.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алып, телефонға орнатуға болады. Осы арқылы 24 сағат бойы қала туралы мәліметті біліп отыруға болады. Және сайттағы мәліметтерді әлеуметтік желідегі парақшаларынан бақылай алады.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлем назарын аударған рэпер P.Diddy шуы: Голливудтағы былық туралы не белгілі?
  • «Қазақстанға барсаңдар діннен шығып кетесіңдер»: Пәкістандағы қазақтардың жағдайы
  • «Ескі қалашық» сүйікті орына айналды
  • Бейісбековтер отбасы 1 миллион теңге алды
  • Дермене - Шымкенттің символы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер