Түркістанда жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетілді

Screenshot_16.jpg

Түркістанда тұңғыш рет ұстаздар мерекесі қарсаңында балалардың бизнес-жәрмеңкесі өтті. Арбат алаңында жайылған жәрмеңкеге оқушылардың өз қолымен жасаған тағамдары мен қолөнер туындылары қойылды. Жас кәсіпкерлердің бастамаларын, идеяларын қолдау мен дамытуды көздейтін шараға қала әкімі Р.Аюпов пен қалалық мәслихаттың хатшысы Ғ.Сәрсенбаев арнайы қатысып, тамашалады. Алғаш болып шаһар басшысы балалардың істеген дүниелерін сатып алып, тағамдардың дəмін көріп, бұйымдарын жіті қарап, оларға дем берді деп хабарлайды қалалық "Түркістан" газеті. 

«Қазіргі таңда бүкіл әлем кәсіпкерлікке көп көңіл бөлуде. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес бұл сала мектеп бағдарламасына енгізіліп жатыр. Болашағымыз балалар болғындықтан біз әрдайым мұндай бастамаларды қолдаймыз. Жәрмеңкелер жиі-жиі өткізілсе жастардың кәсіпке бейімделуі артып, рухани шаһар мен еліміздің дамуына зор үлес қосары анық», – деді Р.Абатұлы. Сондай-ақ, салтанатты шарада сөз алған қалалық мәслихаттың хатшысы Ғ.Сәрсенбаев туризмнің ордасына айналмақ қала үшін, ілкімді істің берері мол екендігін жеткізді.

Айта кетейік, бизнес бастама барысында 6-15 жас аралығындағы 55 жас кәсіпкер өз өнімдерін көпшілікке ұсынды. Ішінде тіл үйірер түрлі тағамдар мен көз тартар қолөнер бұйымдар келушілерді тәнті етіп, таңдай қақтырды. Жас кәсіпкерлердің жәрмеңкесі бұған дейін әлемнің 100-ден астам елінде өткізілген. Мамандардың сөзіне сүйенсек мұндай шаралаға қатысу көшбасшылық, дербестік, тіл табыса білу, жауапкершілік, бастамашылық сияқты қасиеттерді дамытуға сеп болады екен.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлем назарын аударған рэпер P.Diddy шуы: Голливудтағы былық туралы не белгілі?
  • «Қазақстанға барсаңдар діннен шығып кетесіңдер»: Пәкістандағы қазақтардың жағдайы
  • «Ескі қалашық» сүйікті орына айналды
  • Бейісбековтер отбасы 1 миллион теңге алды
  • Дермене - Шымкенттің символы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер