Түркістандық кәсіпкерлер қайырымдылық жасады

Screenshot_19.jpg

Түркістандық кәсіпкерлер сауапты бастаманың ұйытқысы болды. Қалталы азаматтар қаладағы «Жәннат ана» дәмханасында бір топ мүмкіндігі шектеулі балалардың басын қосып, шара ұйымдастырды. Түркістан қалалық әкімдігі мен жеке кәсіпкерлердің және Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Түркістан қаласындағы «Қоғамдық келісім» кеңесінің мүшелері, облыстық ақсақалдар алқасының құрамы демеушілік етіп, «Мүгедектер қауымдастығының» төрайымы Феруза Қарамолдаеваның ұсынысын қолдап, мүмкіндігі шектеулі балалардың қуаныштарын еселеді.

Қаладағы жаны жомарт, қолы ашық азаматтардың ықпалымен 60 мүмкіндігі шектеулі балаларға дастарқан жайылып, сый-сияпаттар таратылып, қыстық киім-кешектер берілді. Жиында Түркістан облыстық ақсақалдар алқасы төрағасының орынбасары Жұмадулла Кішібаев, облыс имамының орынбасары Сүлеймен Молдатілеуұлы, қаланың бас имамы Жүсіпбек Қасымбеков, қаладағы қайырымдылық дүкенінің иесі Сәбит Шәріпбеков сөз сөйлеп, балалардың дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі.

Ата-аналарымен келген балғындар үшін Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, кештің ажарын ашты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлем назарын аударған рэпер P.Diddy шуы: Голливудтағы былық туралы не белгілі?
  • «Қазақстанға барсаңдар діннен шығып кетесіңдер»: Пәкістандағы қазақтардың жағдайы
  • «Ескі қалашық» сүйікті орына айналды
  • Бейісбековтер отбасы 1 миллион теңге алды
  • Дермене - Шымкенттің символы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер