Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – барлығымызға ортақ іс!

1369161133-900x_.jpg

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, т.б. осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Сыбайлас жемқорлықпен қазіргі таңда бүкіл әлем жұртшылығы күресуде. Осы ретте, біздің мемлекетіміз де өзінің заңдары мен мемлекеттік құрылымдарын өзгертіп, жаңа технология жолдарын енгізуде. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңы қабылданып, көптеген іс-шаралар атқарылуда. Мысалы, сыбайлас жемқорлыққа жол беретін жағдайларды жою мақсатында, жоспарлы түрде тексерілетін нысандардың тізімі (түрлері), тексеру мерзімдері, тексерілетін кезеңділігі қысқартылған. Жаңадан тіркелген жеке кәсіпкерлер, тексеру барысында өрескел кемшіліктер анықталмаған нысандар, аудиторлық тексеруден өткен нысандар ҚР Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес, белгілі бір мерзімдерге тексеруден босатылады. Жоспардан тыс тексерулер тек нақты фактілер бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар, рұқсат алу құжаттары азайтылған. Қазіргі таңда санитарлық-эпидемиологиялық салада тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмаған субъектілер рұқсат құжат алмайды, тек орналасқан жеріне қарасты Қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларына жұмысын бастағаны туралы хабарлама беріп, қызмет көрсете алады. Тексеру жүргізу, арыз-шағымдарды қарау, рұқсат құжаттарды беру электронды түрде жүргізіледі.

Алайда, сыбайлас жемқорлық онымен «өшіп» жатқан жоқ. Сондықтан да, сыбайлас жемқорлыққа мемлекет пен қоғам біріге отырып, қарсы күресу керек. Ал, қоғам дегеніміз – сіз бен біз, яғни, біздің заңға, қоғамдағы өзіміздің міндеттеріміз бен моральдық ахуалымызға деген қарым-қатынасымыз. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық қана емес, ол мемлекетті сенімділіктен ажыратып, ұлттық қауіпсіздігіне, бірлігіне қауіп төндіреді.

Сондықтан да, әрбір азамат сыбайлас жемқорлықпен күресуді өзінің борышы деп білуі керек.

Шымкент қаласының

Қоғамдық денсаулық сақтау

департаментінің басшысы А.Тулебаев


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Листериоз туралы нені білу керек?
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір азаматтың басты міндеті!
  • Абайлаңыз Құтыру!
  • Емдеу мекемелеріне қойылатын талаптар
  • Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай күрделі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер